Бүгін, 13 қаңтарда сағат 14:20 шамасында «Қызылорда-Құмкөл» автожолының 69 шақырымында «Мерседес Бенц Спринтер» және «Тойота Хайлюкс» автокөліктері соқтығысқан. Жол-көлік оқиғасы салдарынан екі автокөліктің жүргізушілері және бір жолаушы оқиға орнында, екі жолаушы медициналық мекемеде қайтыс болды. Қалған 5 жолаушыға медициналық көмек көрсетілді.
Қызылорда облыстық өңірлік коммуникациялар қызметінің хабаралуынша, оқиға орнында полиция қызметкерлері, төтенше жағдай және медицина қызметкерлері жұмыс жасап жатыр. Жол-көлік оқиғасы жол ережесін бұзу салдарынан болуы мүмкін.
Қазақстан Республикасы Қылмыстық кодексінің 345-бабының 4-бөлігі бойынша сотқа дейінгі тергеу басталды (Көлік құралдарын жүргізуші тұлғалардың жол қозғалысы немесе көлік құралдарын пайдалану ережелерін бұзуы).
Тиісті сараптамалар тағайындалды. Оқиғаның мән – жайлары анықталуда.
>>> Біздің Facebook, Instagram парақшаларымыз бен Telegram каналымызға жазылыңыз! <<<