Қызылорда түрмесінде жазасын өтеушілер «Жайдарман» ойнады

298

0

Фото: ҚАЖД

Қызылорда қаласындағы түрмелердің бірінде жазасын өтеушілер «Жайдарман» ойнады.
Облыстық қылмыстық атқару жүйесі департаментінің №37 түзеу мекемесінде жазасын өтеушілер арасында көңілді тапқырлар сайысы ұйымдастырылды.

Оған үш команда қатысып, әзіл-қалжыңға құрылған көріністер қойды. Әзіл арқылы қоғамға, өмірге қандай көзқараста екенін жеткізді.

– Жарыс қорытындысында біздің команда 1-орын иеленді. Әр қатысушы жоғары деңгейде өнер көрсетті. Көңіліміз көтеріліп, бір серпіліп қалдық. Осындай шаралардың көп болғанын қалаймыз, – дейді сотталғандардың бірі.

Назерке Саниязова