Қызылорда тұрғыны жемқорлық дерегін хабарлағаны үшін 215 мың теңге сыйақы алған

688

0

Сурет Tengrinews.kz 

Қызылорда тұрғыны сыбайлас жемқорлық дерегі туралы хабарлағаны үшін 215 000 теңгеге жуық сыйақы алған, деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

Қызылорда облысының тұрғыны облыстық жер қатынастары басқармасы басшысы орынбасарының алаяқтық жолмен екі миллион теңгені иемдену дерегін жеткізгені үшін 215 мың теңге алған.

Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызметтің облыстық департаментінің басшысы Ернар Мақажановтың айтуынша, шенеунік жер телімін алуға көмектесу үшін жеке тұлғадан екі миллион теңге талап еткен.

«Тұрғынның шенеуніктің заңсыз әрекеті туралы хабарламасының арқасында сыбайлас жемқорлыққа тосқауыл қойылды. Қылмыстық іс сотқа жіберілді. Сот қылмыскерді кінәлі деп танып, үш жылға бас бостандығынан айырды», – деді Ернар Мақажанов.

2022 жылы облыс бойынша барлығы 10 адам сыбайлас жемқорлыққа қарсы күресте көмек көрсеткені үшін ынталандыру алған. Сыйақының көлемі екі миллион теңгеден асады.

 


>>> Біздің Facebook, Instagram парақшаларымыз бен Telegram каналымызға жазылыңыз! <<<