Қызылорда жастарын жұмысқа шақырады

547

0

Ұлттық санақтарға дайындық және өткізу жөніндегі нұсқаушы-бақылаушы
бос лауазымдарына орналасуға шақырады.
Нұсқаушы-бақылаушы (139 адам саны) өтеулі қызметтер көрсету шарты негізінде, өз жұмыстарын 2021 жылғы 24 қыркүйектен бастап 7 қараша аралығы кезеңде Қызылорда облысының қалалары мен аудандары бөлінісінде атқаратын болады.
Лауазымдық міндеттері:

  • 2-кезеңнің интервьюерлерінің жұмысын бақылауды жүзеге асыру;
    -инструкторлық және есеп учаскелерінде санақпен қамтудың толықтығын қамтамасыз ету;
    -инструкторлық учаскені 2-кезеңнің интервьюерлерінің есептік учаскелерінің сұралған тұрғындарының 10% бақылау айналмасын жүргізу (бақылау айналмасы);
    -алғашқы статистикалық деректердің құпиялылығын қамтамасыз ету;
    -санақ құралдары мен басқа да құжаттардың сақталуын қамтамасыз ету және т.б.
    Есеп учаскелері бойынша аралау үшін планшеттегі «халық санағы» мобильді қосымшасы арқылы:
    Тапсырмаларды алу;
    Санақ парақтарын толтыру: 1ПП, 2ж, 3И, 4В;
    Күнделікті есеп құрастыру және VPN-арна арқылы «Аудандастыру» АЖО АЖ жіберу;
    USB кабелі арқылы 2-кезеңнің интервьюерлерінен деректерді жинау;
    Деректерді USB кабелі арқылы уәкілетті тұлғаға беру
    Конкурсқа қатысушыларға қойылатын талаптар:
  • Жоғары немесе жоғары оқу орнынан кейінгі білім немесе орта білімнен кейінгі білім, немесе орта білім, ПК-ны еркін меңгерген, бағдарламалық қамтамасыз ету жұмыстарында базалық білім.
    Үміткер жұмысқа қабылданардан бұрын коронавирус тудыратын аурулардың таралуына жол бермеу мақсатында ВАКЦИНАЦИЯЛАНҒАН болуы тиіс.
    Кәсіби құзыреттілігі:
  • Стресске орнықтылық, бастамашылдық, жауапкершілік, адалдық, жеделділік, ынтымақтастық және әрекеттестік.
    Конкурсқа қатысу үшін келесі құжаттар ұсынылады:
    -Резюме;
    -Жеке куәліктің көшірмесі.
    Құжаттарды қабылдау мерзімі:
    2021 жылғы 30 қыркүйекке дейін.

Облыстық жастар
ресурстық орталығы