«Қызылорда-Жезқазған-Ұлытау-Арқалық» темір жолы салына ма

570

0

Фото: primeminister.kz

Көлік министрлігі агенттіктің «Қызылорда-Жезқазған-Ұлытау-Арқалық» темір жолын салу мүмкіндігіне қатысты сауалына жауап берді, деп хабарлайды Қазақпарат.

«Бүгінгі таңда жүк тасымалының өсу қарқынын қамтамасыз ету және елдің көлік-транзиттік әлеуетін дамыту үшін министрлік ірі жобаларды іске асыруда. Атап айтқанда, 2022 жылы «Достық-Мойынты» екінші жолының құрылысы басталды. 2023 жылы «Алматы станциясын айналып өтетін айналма жол», «Дарбаза-Мақтаарал» жаңа теміржол желісі және «Бақты-Аягөз» Қытаймен шекарада үшінші шекара өткелінің ашылуымен іске қосылды. Қазіргі таңда, ағымдағы экономикалық жағдайды және қаржының шектеулігін ескере отырып, жоғарыда аталған жобалар аяқталғаннан кейін «Қызылорда-Жезқазған-Ұлытау-Арқалық» темір жолының қарастырылу мүмкін екендігін хабарлаймыз», – деді министрліктен.

 


>>> Біздің Facebook, Instagram парақшаларымыз бен Telegram каналымызға жазылыңыз! <<<