Қызылордада жоғалып кеткен қыз өлі күйінде табылды. Бағдатқызы Замираның іздестіру жұмыстарына барлық қалалық Полиция басқармасының 300-ге тарта қызметкерлері, Төтенше жағдайлар департаменті, еріктілер тобы және жергілікті тұрғындар жұмылдырылып, барынша атсалысты.
«Бүгін, 20 маусым күні жергілікті уақыт сағат 14:00 шамасында үйінен шамамен 2 км жерде Тұңғыш президент паркінің жанындағы Шіркейлі каналының бойынан жасөспірім қыздың денесі табылды. Қажетті сот-медициналық сараптамалар тағайындалды. Кәмелет жасына толмаған қыздың денесінде зорлық-зомбылық белгілері байқалмайды. Орын алған оқиға бойынша тергеу әрекеттері басталды. Тергеу әрекеттері Полиция департаменті бастығының қатаң бақылауында.
Жасөспірім қыздың ата-анасына, барша туған-туыстары мен бауырларына Қызылорда қалалық Полиция басқармасының қызметкерлерінің атынан қайғырып көңіл айтамыз» делінген мәлімдемеде.
Қызылорда қалалық Полиция басқармасының баспасөз қызметі
>>> Біздің Facebook, Instagram парақшаларымыз бен Telegram каналымызға жазылыңыз! <<<