Қызылорда: Жыл басынан бері 209 азамат автокөлікті масаң күйінде тізгіндеген

618

0

Сурет ашық дереккөзден

Жүргізушілердің арасындағы ең көп таралған әкімшілік құқық бұзушылықтардың бірі көлікті мас күйінде жүргізу екендігі бәрімізге мәлім.

Осы ретте, Қызылорда қалалық Полиция басқармасының қызметкерлері жол-көлік апаттарының алдын-алу мен жолда жүру ережелерін өрескел бұзушыларды анықтау мақсатында тұрақты түрде рейдтік іс-шараларды өткізіп келеді. Осындай рейдтерге күн-түн демей шыққан патрульдік полиция қызметкерлері жыл басынан бері мас халде көлік басқарған 209 жүргізушіні ұстады.

Заңбұзушыларға Қазақстан Республикасының Әкімшілік Құқық Бұзушылық туралы Кодексінің 608-бабының 1-бөлігімен тәртіп бұзған 201 азаматқа хаттама толтырылып, мас халде автокөлік басқарғаны үшін 7 жылға жүргізуші куәлігінен айыру және 15 тәулікке қамауға алу шарасы көзделген.

Көлік басқару құқығы жоқ көлік жүргізушісі, автокөлікке қайтадан масаң күйде отырып, Қазақстан Республикасының Қылмыстық Кодексінің 346-бабы 1-бөлігі (Көлік құралдарын басқару құқығынан айырылған және алкогольдік, есірткілік және (немесе) масаң күйдегі адамның көлік құралын басқаруы) бойынша 8 азамат Полиция басқармасының уақытша ұстау абақтысына қамалып, автокөліктері айып тұрағына қойылды.

Мас күйінде көлік құралын жүргізу өкінішті жағдайға әкелуі мүмкін екенін естен шығармағанымыз абзал.

 


>>> Біздің Facebook, Instagram парақшаларымыз бен Telegram каналымызға жазылыңыз! <<<