Қызылордада 120-дан астам киікті атқандар ұсталды

312

0

Фото: Қызылорда облысы ПД

Облыстық полиция департаментінің қызметкерлері 6 наурыз күні күдік туғызған «Volkswagen Crafter» көлігін тоқтатып, тексерген кезде ішінде киікке ұқсас 39 жануар ұшасы болған.

Қызылордада 120-дан астам киікті атқандар ұсталды

— Оған қоса, хабарламаға сәйкес тұрғын үйді тексеру барысында тағы осындай 84 жануардың ұшасы, 14 бас бөлігі, 6 терісі табылды. Күдікті ретінде облыстың 3 тұрғыны уақытша ұстау изоляторына қамалды, — деді департамент бастығының бірінші орынбасары, полиция полковнигі Серік Тоқтыбаев.

Осыған байланысты сотқа дейінгі тергеп-тексеру жұмыстары басталып, сараптамалар тағайындалды. Қылмыстың мән-жайы соның нәтижесінде белнілі болады.

Еске салайық, осыған дейін Қызылорда облысында браконьерден 14 қап киік еті тәркіленген еді.

 


>>> Біздің Facebook, Instagram парақшаларымыз бен Telegram каналымызға жазылыңыз! <<<