Қызылорда қаласы тұсындағы Сырдария өзеніне жасөспірім суға батып кетті. Оқиға 14 мамырда Қызылорда қаласы аумағында болды. Жергілікті уақытпен 13.23-те Облыстық төтенше жағдайлар департаментіне оқыс оқиға туралы хабар келіп түсті.
«Хабарламада 13:00 шамасында Қызылорда қаласы «Мерей» шағын ауданы маңындағы Сырдария өзеніне жасөспірім суға батып кеткені айтылған. Ол жабдықталмаған орында суға шомылған. 2009 жылғы жасөспірімнің денесін сүңгуірлер іздестірді. Нәтижесінде сағат 14.48-де жасөспірімнің денесін судан алып шықты. Балаларды қараусыз қалдырмауды, қайғылы жағдайға ұшырамас үшін баланы қадағалауды сұраймыз», – деді Қызылорда қалалық төтенше жағдайлар басқармасының бастығы Жасұлан Түйменов.
Ведомство мәліметінше, былтыр қала көлемінде 12 адам су айдынында қаза болды, оның 6-уы бала.
>>> Біздің Facebook, Instagram парақшаларымыз бен Telegram каналымызға жазылыңыз! <<<