Қызылордада 18 мыңнан астам медицина қызметкеріне үстемақы төленді

881

0

Өңірде коронавирус инфекциясымен күресіп жүрген 18383 медицина қызметкеріне 3,3 млрд. теңге үстемақы төленді. Бұл туралы Өңірлік коммуникациялар қызметінің ақпарат алаңында өткен брифингте облыстық денсаулық сақтау басқармасының басшысы Сәбит Пазилов мәлімдеді.

– Індетпен күресіп жүрген аймақтағы медицина қызметкерлеріне үстемақы өткен жылдың наурыз айынан бастап төленіп келеді. Өздеріңіз білесіздер, елімізде шілде айында жағдай күрделенді. Дәл осы айда өңірдегі 3458 денсаулық сақтау саласының маманына бір миллиард теңгеге жуық үстемақы берілді. Бұл жұмыстар биылда жалғасын табуда, – деді Сәбит Бексейітұлы.

Биыл қаңтар мен ақпан айында 2348 медицина қызметкеріне 322,5 млн. теңге үстемақы төленді.

«COVID-19» коронавирусын жұқтырудың тәуекел топтары үшке бөлінеді. Біріншісі өте жоғары, екіншісі жоғары, үшіншісі орташа топ.

 


>>> Біздің Facebook, Instagram парақшаларымыз бен Telegram каналымызға жазылыңыз! <<<