Қызылордада 2600 шақырымнан астам каналды автоматтандыру жоспарланып отыр

359

0

Фото: ortcom.kz

17 нысан бойынша жобалау-сметалық құжаттама әзірленіп жатыр, деп хабарлайды ҚР Су ресурстары және ирригация министрлігі.

Бір жобаның құжаттарын австралиялық Rubicon Water компаниясы Қазақ Су шаруашылығы ғылыми-зерттеу институтымен бірлесіп жасауда.

Барлық жобалық-сметалық құжаттама биыл дайын болады деп күтіліп отыр.

«Оңтүстік облыстарда суармалы суды тиімді және ұқыпты пайдалану маңызды. Су шаруашылығы инфрақұрылымын автоматтандыру және цифрландыру осы бағыттағы маңызды қадам болмақ. Шетелдік әріптестеріміздің қатысуымен осындай жобаларды еліміздің басқа да өңірлерінде іске асыру жоспарланып отыр», – деді су ресурстары және ирригация бірінші вице-министрі Болат Бекнияз.

 


>>> Біздің Facebook, Instagram парақшаларымыз бен Telegram каналымызға жазылыңыз! <<<