Қызылордада 41 жастағы әйел бір күннен бері хабарсыз кетті

807

0

Фото: ашық дереккөз

Қызылордада 41 жастағы әйел бір күннен бері хабарсыз кетті, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Қызылорда қаласында тұратын 41 жастағы азаматша Өтегенова Нұргүл Қарасайқызы 21 ақпанда үйінен белгісіз бағытқа шығып кеткен. Содан кейін үйіне қайта оралмаған.

«Осыған байланысты Қызылорда қаласы полиция басқармасы іздеу салады. Азаматша жүйке ауруымен есепте тұрады. Ерекше белгілері: бойы: 1,65 см, орта денелі, шашы – қара түсті, ұзын, көзі – қара түсті. Қызыл түсті бас киімі бар, қоңыр түсті ұзын куртка, қара түсті аяқ киім киген.

Қызылордада 41 жастағы әйел бір күннен бері хабарсыз кетті

Аталған хабарлама бойынша қандай да бір ақпарат немесе жүрген жері туралы мәлімет білген жағдайда 7 705 255 8125 8 (7242)-29-75-20 немесе 102 арнасына қоңырау соғуды сұраймыз», – деп жазылған Қызылорда қалалық полиция басқармасы таратқан хабарламада.

Еске салсақ, бұдан бұрын Қызылорда қаласының 34 жастағы тұрғыны бір айдан бері табылмай жатқанын жазғанбыз.

Фото: Қызылорда облыстық полиция департаменті

 


>>> Біздің Facebook, Instagram парақшаларымыз бен Telegram каналымызға жазылыңыз! <<<