Қызылордада 6 вагон рельстен шығып кетті

6

0

Фото: Александр Павский/ Kazinform

Оқиға 2 қаңтар күні сағат 17.10-да «Нұр Назар» серіктестігінің кіреберіс жолында, яғни Қызылорда жүк тасымалдау бөлімінің Белкөл стансасында маневрлік жұмыс кезінде болған.

«Қазақстан темір жолы» компаниясының баспасөз қызметі таратқан мәліметке сүйенсек, тазалық жұмысы кезінде жолдың бұрылыс бөлігінде 6 вагон сағатына 3-5 шақырым жылдамдықпен рельстен шығып кетті. Оның 4-еуі дизель отыны тиелген цистерна болса, қалғаны – бос вагондар. 

– Алдын ала мәлімет бойынша вагондар жерге қырымен түскен. Жапа шеккендер жоқ. Бұл оқиға пойыздардың негізгі жолмен қозғалуына еш кедергі жасамайды. Жылжымалы құрам мен жолға да кесірі тимеген. Оқиғаның себеп-салдарын анықтау мақсатында ол жерде комиссия жұмыс істеп жатыр, – делінген хабарламада.