Қызылордада әйелін ұрып өлтірген 26 жастағы азамат ұсталды

749

0

Фото:azattyq-ruhy.kz

Қызылорда облысындағы ауылдардың бірінде 26 жастағы жергілікті тұрғын әйелін аяусыз ұрып-соққан. 21 жастағы қыздың мәйіті өз үйінен табылған, деп хабарлайды Egemen.kz.

26 жастағы Біржан Жаңабай 21 жастағы әйелін ұрып өлтірген. Қылмыс жасағаннан кейін ол оқиға орнынан қашып кеткен.

Жергілікті полиция күдіктіге іздеу салып, кейін оның ұсталғанын хабарлаған.

«Қазіргі уақытта бұл іс бойынша тиісті сараптамалар тағайындалып, тергеу жүріп жатыр. Күдікті ұсталып, уақытша ұстау изоляторына қамалды, тергеу жалғасуда», деді Қызылорда облысының полиция департаментінен.

Тергеу мүддесі үшін оқиғаның басқа мәліметтері жарияланбайды.

 


>>> Біздің Facebook, Instagram парақшаларымыз бен Telegram каналымызға жазылыңыз! <<<