Қызылордада алаяқ елден жинап алған 250 млн теңгесін казиноға жұмсаған

465

0

Фото: Pexels

Қызылорда облысында таныстарына жалған айту арқылы 250 млн теңгені алдап алып, оны казино ойындарына жұмсаған азамат сотталды.

Сотталушы кәсіпкерлікпен айналысатын таныстарында қомақты қаражат бар екеніне көз жеткізіп, оларға түрлі тендерге қатысуға ұсыныс білдіреді.Сол арқылы қаражатын үстемеақымен қайтарып алуға мүмкіндік бар екенін айтады. Оған өзі көмектесетіні туралы жалған уәде беріп, жәбірленушілердің сеніміне кірген.

«Осылайша ол жәбірленушінің бірінен 47,7, екіншісінен 62,5, үшіншісінен 80,5, төртіншісінен 60 млн теңгені қолхатпен алдап алған. Алаяқтық әрекетімен жәбірленушілерге мүліктік залал келтірген. Сотталушы сот отырысында өзінің кінәсін ішінара мойындады. Тендер жариялауға құқығы болмағанын, тек шарт ресімдеумен айналысқанын айтты. Жәбірленушілерден алған ақшамен қарызын жауып, казино ойындарына жұмсағанын көрсетті», – деп мәлім етті облыстық соттан.Жәбірленушілер шығынның қалпына келмегенін айтып, оған бас бостандығынан айыру түріндегі жазасын тағайындауды сұрады.

Сотталушы шын ниетпен өкiнетінін жеткізді. 

«Ол ҚР Қылмыстық кодексінің 190-бабы 4-бөлігі 2-тармағымен кінәлі деп танылды. Оған 6 жыл 6 ай мерзімге бас бостандығынан айыру жазасы тағайындалды. Жәбірленушілердің материалдық залал өндіру туралы талап қоюы қанағаттандырылды. Үкім заңды күшіне енді», – деп толықтырды ведомстводан.

Еске салсақ, Қызылордада өнімге көңілі толмаған тұтынушыларға 6,4 млн теңге қайтарылды. 

 


>>> Біздің Facebook, Instagram парақшаларымыз бен Telegram каналымызға жазылыңыз! <<<