Қызылордада ақылы жолда көлік иелерінен 22 млн теңге берешек өндірілді

467

0

Фото: Kazinform

Қызылорда облысында «Қызылорда-Шымкент» аралығындағы ақылы автожолда транзиттік жүк көліктері жүргізушілерінен 5 айда 22 миллион теңге берешек өндірілді.

«ҚазАвтоЖол» ұлттық компаниясының облыстық филиалы мен көліктік бақылау инспекциясы мамандары күрежолда бақылауды күшейтті.

Ақылы жолға төлем жасамай жүрген транзиттік жүк көліктері анықталса, олардың қозғалысына шектеу қойылады.

«Айта кетсек, Қызылорда-Шымкент бағытындағы төрт жолақты ақылы ретінде белгіленген. Жол бойында өз еркімен төлемейтін азаматтар кездеседі. Транзиттік автокөліктерден күніне оны өндіру барысында 2 миллионға дейін ақша түсіп жатыр», — деді «Қажсервис» ЖШС Қызылорда облыстық филиалының директоры Нұрбол Абызбаев.

Республикалық маңыздағы автожолда жазғы маусымда ауыр жүк көліктерінің қозғалысына таңертеңгі 10.00-ден 22.00-ге дейін шектеу қойылған.

Сондай-ақ бір білікке түсетін салмақ 9 тоннадан аспауы керек.

Облыста заң талаптарына бағынбай асыра жүк тиеп алу деректері тыйылмай тұр.

«5 маусымнан «Назар аударыңыз, ауыр салмақ автокөлігі!» акциясы басталды. Инспекциямен қазіргі таңда 60-қа жуық салмақты параметрлерін сақтамаған деректер анықталды. Республикалық бюджетке 23 миллиондай өндірілді», — деді облыстық көліктік бақылау инспекциясы басшысының орынбасары Гүлмира Пірназарова.

 


>>> Біздің Facebook, Instagram парақшаларымыз бен Telegram каналымызға жазылыңыз! <<<