Қызылордада асқазан-ішек ақауымен дүниеге келген нәрестеге ота жасалды

991

0

Облыстық көп бейінді балалар ауруханасының неонаталды хирургия бөлімшесінің дәрігерлеріне Қызылорда қаласындағы Ана мен бала орталығынан хабарлама келіп түскен еді. Онда босану бөлігінде гастрошиз диагнозы расталған нәрестеге кесар отасын жасап шығаруға дайындалып жатқаны айтылған.

Нәресте күтпеген мөлшердегі ақаумен жарық дүние есігін ашқан. Екі сағаттан астам уақыт бойы жасалған ота аман-есен аяқталып, нәресте қазір Ана мен бала орталығында ем алып жатыр. Оны неонатальды хирург, ота жасау бөлімі, анестезиологтардың шұғыл көмектерінің арқасында, дәрігер – неонатологтардың тәуліктік бақылау мен оңтайлы ем-дом, мейіргерлердің күтімі мен мейірімнің арқасында.

Қызылордада асқазан-ішек ақауымен дүниеге келген нәрестеге ота жасалды

Дәрігер-неонатологтар, мейіргерлердің күтімі мен мейірімінің арқасында ол энтеральды тамақтануды бастады. Жақын уақытта үйіне шығарылмақ.

Осындай маңызды оталарды жасауда бірінші дәрежелі неонатальды хирург-эндоскопист Серік Нүсіпқожаев, анестезиолог Мақсат Әбдібахиев, неонатологтар: Мөлдір Алмаханова , Мереке Алтынбекова сынды білікті мамандар жемісті еңбек етіп келеді.

Неоанатальды хирургия және интенсивті терапия бөлім меңгерушісі М.Ж. Алмаханова «Дүниежүзі бойынша нәрестелердің мұндай ақаумен өмірге келуі сирек кездеседі. Біздің бөлімшенің жұмысы 2017 жылы 1 маусымнан басталды. Содан бері жылда әртүрлі ақаумен 100-120 науқас сәби ем қабылдайды. Бұл сирек кездесетін ақау 2 жылда 1 рет кездесіп отыр. Нәрестелер хирургиялық емін қабылдап, ата-анасына аман-есен тапсырылуда.

Гастрошизис деген ақау – іштің қабырғасында ішектердің итеруіне мүмкіндік беретін ішектің жанында саңылау (тесік) пайда болып, сол саңылау арқылы ішкі ішектердің (қыз балаларда жатыр мүшесімен бірге) қорғаныс қапшығысыз сыртқа шығып тұруы.

Гастрошизис себептері жақсы түсіндірілмеген. Зерттеушілер бұл жағдай гендердегі немесе хромосомалардағы қалыптан тыс өзгерістерге байланысты дамиды деп санайды. Қоршаған ортаның токсиндерінің немесе дәрілердің әсері осы өзгерістердің кейбірін тудыруы мүмкін. Себептерді жақсырақ түсіну үшін әлі де көп зерттеулер жүргізу қажет.

– Бізге Ана мен бала орталығынан ауыстырылған тағы нәресте өте ауыр жағдайда түсті. Ауырлығы ескере келе бірден отаға дайындалды. Үлкен жауапкершілікпен жасалған отаның арқасында қазір періште ана сүтін ішіп, қорыта алады, құспайды. Барлық қан талдауының қалыптасуына байланысты үйіне шығарылуға дайындалып жатыр», – деді Мөлдір Алмаханова.

Неонатальды хирургия бөлімшесінің бөлім меңгерушісі Мөлдір Жұмагалиқызы бөлімше ашылғалы еңбек етіп келеді. Ол Алматы, Астана қаласында, Оңтүстік Кореяны Сеул қаласында білімін жетілдіріп келген.

Көпбейінді облыстық балалар ауруханасының «Неонатальды хирургия бөлімшесінде жыл сайын 100-120 нәресте ем қабылдайды. Былтыр әртүрлі туа біткен ақаулармен 103 нәресте түссе, олардың 85-не ота жасалды.

 


>>> Біздің Facebook, Instagram парақшаларымыз бен Telegram каналымызға жазылыңыз! <<<