Қызылордада автокөлік ұрысы қылмыс үстінде ұсталды

420

0

Фото: Полиция департаменті

Қызылордалық полицейлер автокөлік ұрысын кезекті қылмыс үстінде ұстады. Ол ұрланған заттарды әлеуметтік желілер арқылы сатқан.

Қызылорда қаласында автокөлік заттарын ұрлауды кәсіп етіп, табыс көзіне айналдырып келген ұры құрықталды. Ол кезекті ұрлық үстінде ұсталды.

5 қала тұрғынының көліктеріне ұрлыққа түскен күдікті Қызылорда облысы Шиелі ауданының тұрғыны болып шықты. 19 жастағы жігіт автокөліктердің ашық қалғанын пайдаланып, ішіне заңсыз кіру арқылы автомагнитола мен өзге де автокөлік аксессуарларын ұрлап келген. Бұдан бөлек, ол ұрланған заттарды әлеуметтік желілер арқылы жарнамалап, сатып отырған.

Жәбірленушілерге тиесілі айғақ заттар тәркіленді. Бүгінгі күні бұл күдіктінің қала аумағында орын алған осыған ұқсас қылмыстарға қатыстылығы тексерілуде. Күдікті уақытша ұстау изоляторына қамалып, тергеу әрекеттері жалғасуда.

 


>>> Біздің Facebook, Instagram парақшаларымыз бен Telegram каналымызға жазылыңыз! <<<