Қызылордада автошеру өтті

439

0

Қызылордалық полицейлер автошеру ұйымдастырды. Бүгінгі автошеру «Пәтер ұрлықтарының алдын алу мен бөтен мүліктің қауіпсіздігін сақтауда күзет қызметін пайдалану қылмысты болдырмаудың бірден-бір амалы» тақырыбында ұйымдастырылды. Жеке үйлер мен пәтерлердің және нысандардың қауіпсіздігін қамтамасыз ету мақсатында ұйымдастырылған авто шеру тиісті деңгейде өтті.

Іс-шараның барысында «Арай-2» мөлтек ауданында орналасқан көпқабатты үйлердің тұрғындары мен сол аумақта орналасқан нысан иелеріне жеке күзет ұйымдарының тиімділігі жөнінде түсіндірме жұмыстары жүргізіліп, жаднамалар таратылды. Сонымен қатар, халықтың күзет-дабыл қондырғыларын орнату жөнінде түсіндірме жұмыстары бойынша Тәкей батыр, Н.Назарбаев даңғылы, Абай даңғылы, Ғ.Мұратбаев көшесімен Сол жағалауда орналасқан көпқабатты үйлердің ауласы аралығында авто шеру өткізілді.

Бүгінгі өткізілген іс-шара арқылы қызылордалық полицейлер тұрғындарды пәтер ұрлықтары мен бөтен мүліктің қауіпсіздігін сақтаудың алдын алу шарттарын үнемі сақтап жүруін ескертті.

Қызылорда облысы Полиция департаментінің баспасөз қызметі

 


>>> Біздің Facebook, Instagram парақшаларымыз бен Telegram каналымызға жазылыңыз! <<<