Қызылордада аудан әкімі болуға үмітті 6 кандидат тіркелді

667

0

Сурет ашық дереккөзден

2023 жылдың 5 қараша күні өтетін аудандар, облыстық маңызы бар қала әкімдерін сайлау Қызылорда өңіріндегі 7 ауданішінен Сырдария және Шиелі аудандарында ұйымдастырылады.

Сайлау Күнтізбесіне сәйкес 5 қыркүйек жергілікті уақыт 18.00-ден кейін кандидаттардың ұсыным құжаттарын қабылдау аяқталды. Ал, 10 қазан жергілікті уақыт 18.00-ге дейін кандидаттарды тіркеу аяқталады.

Сайлау науқанына екі аудан бойынша барлығы 7 кандидат ұсынылды, оның ішінде3-і – саяси партиялар, 4-і-өзін-өзі ұсыну тәртібімен.

Орташа бәсекелестік 1 орынға 3,5 адамнан келді. Кандидаттардың ең көбі–4 адам Шиелі ауданынан ұсынылды. Сырдария ауданында 3кандидат құжат өткізді.

Кандидаттардың орташа жасы 47 жас, ал ең жасы – 39 жаста, ең үлкені – 60 жаста. Үміткерлердің ішінде әйел азаматшалар жоқ.

Кандидаттардың4-уімемлекеттік қызметкер, 2-уі қазіргі әкімдер және  1-уібюджеттік сала қызметкері.

Мамандығы бойынша 5-і – экономист, 1-і – заңгер және  1-і- құрылысшы.

Ұсынылған 7 кандидаттың 6-ы тіркеліп, 1-уі өз өтініші негізінде кандидаттықтан алынып тасталды.

10 қазан жергілікті уақыт 18-00-ден кейін кандидаттар үшін үгіт кезеңі басталады. Бұл ретте кандидаттардың өз сайлау қорлары болмайды. Олар арнайы белгіленген шығыстар шеңберінде жұмыс жасай алады.

Қызылорда облыстық сайлау комиссиясы

 


>>> Біздің Facebook, Instagram парақшаларымыз бен Telegram каналымызға жазылыңыз! <<<