Қызылордада жедел-құтқару жасағы жеңіл автокөлікте құлыпталып қалған баланы құтқарып алды. Оқиға бүгін, яғни 30 сәуірде қала орталығындағы көпқабатты үйлердің ауласында орын алған.
– Жедел-құтқару жасағының кезекші-диспетчерлік қызметіне Қызылорда қаласы Астана-1 мөлтек ауданы N3 көпқабатты тұрғын үй ауласында «Ravon» маркалы автокөлігінің есігі құлыпталып, ішінде кішкентай бала қалып қойғаны жөнінде хабарлама түсті. Шақырту бойынша құрамында 4 құтқарушы 1 техника бар жасақ оқиға орнына барып, арнайы құралдармен көліктің есігін ашып берді. Көліктің ішіндегі 2022 жылы туылған қыз бала аман. Тұрғын құтқарушыларға өз алғысын білдірді, – делінген Қызылорда облысы ТЖД «Жедел-құтқару жасағы» РММ берген хабарламада.
>>> Біздің Facebook, Instagram парақшаларымыз бен Telegram каналымызға жазылыңыз! <<<