Қызылордада бала ұрған тәрбиешіге іс қозғалды

732

0

Фото: pixabay

Қызылордада балабақшада бала ұрған тәрбиешіге іс қозғалды, деп хабарлайды Kazinform полицияға сілтеме жасап. 

Қызылорда қаласы полиция басқармасына ата-анадан арыз түскен.

Ол жеке балабақшада ұлына дене жарақатын салған тәрбиешіге шара қолдануды сұраған. 

Арыз негізінде қылмыстық іс тіркеліп, ҚР ҚК 140-бабының 2-бөлігімен сотқа дейінгі тергеу жүріп жатыр. 

«Тәркіленген бейнежазба қылмыстық іске тіркелді. Сот сараптамалары тағайындалды. Сот-медициналық сараптама нәтижесі бойынша баланың „денсаулығына жеңіл зиян“ келгені белгілі болды» дейді полициядан.

Ал сот-габитологиялық сараптаманың қорытындысы әлі шыққан жоқ. 

41 жастағы тәрбиешіге ІІО-ға келу туралы міндеттеме қабылданды.

ҚР ҚПК 200-бабына сәйкес облыстық білім басқармасына ұсыныс жолданды.

 


>>> Біздің Facebook, Instagram парақшаларымыз бен Telegram каналымызға жазылыңыз! <<<