Қызылордада бірнеше мәрте алаяқтық жасаған 39 жастағы әйел сотталды

547

0

Фото: ашық дереккөз

Қызылорда облысының тұрғыны 39 жастағы азаматша 2022 жылдың наурыз айында «несие алып беремін» деп және «медициналық мекемеге медбике болып жұмысқа орналастырып беремін» деп, алаяқтық жолмен екі қала тұрғынын алдап, ақшаларын алған. Жалпы жәбірленушілерге келтірілген шығын 850 мың теңгені құрады.

Тергеу барысында күдікті азаматшаның жасаған алаяқтық іс-әрекетті толығымен өз дәлелін тауып, оның іс-әрекеті Қазақстан Республикасы Қылмыстық кодексінің 190-бабының 3-бөлігінің 4-тармағымен (алаяқтық) сараланған.

05.01.2023 жылы сотталушы сот үкімімен Қазақстан Республикасы Қылмыстық кодексінің 190-бабы 3-бөлігінің 4-тармақтарымен кінәлі деп танылып, оған 3 жыл 6 ай мерзімге бас бостандығынан шектеу жазасы тағайындалды. Сот үкімі заңды күшіне енді.

Қызылорда облысы Полиция департаментінің баспасөз қызметі

 


>>> Біздің Facebook, Instagram парақшаларымыз бен Telegram каналымызға жазылыңыз! <<<