Қызылордада биыл 12 адам жол апатынан қаза тапқан

188

0

Фото: Pixabay

Қызылорда қаласында биыл 110 жол-көлік оқиғасынан 12 адам қаза тауып, 127 адам әртүрлі дене жарақатын алған.

Қызылорда қаласы полиция басқармасының қызметкерлері жол қозғалысы қауіпсіздігін қамтамасыз ету мақсатында жүйелі түрде жедел-профилактикалық іс-шаралар жүргізіп келеді.

Соған қарамастан қала көлемінде жыл басынан бері 110 жол-көлік оқиғасынан 12 адам қаза тауып, 127 адам әртүрлі дене жарақатын алған.

«Адамдар көлік құралдарын пайдалану барысында қоғам өміріне қауіп тудыратын жағдайлардың да көбейгенін байқауға болады. Жол қозғалыс оқиғасы өздігінен туындамайды. Ол қозғалыс ережелерінің қандай да бір талаптарын сақтамағандықтан болады. Полиция қызметкерлері жол қауіпсіздігін және тұрғындардың өмірін қамтамасыз ету үшін күндіз-түні рейд өткізіп жатыр», – деп мәлім етті Қызылорда қалалық полиция басқармасынан.

 


>>> Біздің Facebook, Instagram парақшаларымыз бен Telegram каналымызға жазылыңыз! <<<