Қызылордада болған атыстан бір адам жараланды

1467

0

Фото: Pixabay

Қызылорда қаласында тұрғындар арасында болған атыстан бір адам жарақат алған. Әлеуметтік желіде айтылғанындай, Қызылорда қаласы аумағындағы Әл-Фараби бөлігінде болған.

Сөзге келіп қалған жас жігіттер арасында атыс болған. Бір адам жарақат алып, ауруханаға жатқызылған.

Бұл оқиғаның болғанын облыстық полиция департаменті растап, түсінік берді.

«Қызылорда қалалық полиция басқармасы тарапынан бұзақылық дерегі бойынша қылмыстық іс қозғалды, тергеу жүріп жатыр. Оқиғаның мән-жайы анықталуда. Барлық қатысушының жеке басы анықталып, күдіктіні ұстау бойынша жедел жұмыс жасалып жатыр. Қылмыстық іс департамент басшылығының бақылауында», – деп жазылған хабарламада.

Еске салсақ, бұдан бұрын Қызылордада адамдарға пышақ жарақатын салған күдікті ұсталған еді.

 


>>> Біздің Facebook, Instagram парақшаларымыз бен Telegram каналымызға жазылыңыз! <<<