Қызылордада Cамара-Шымкент тасжолының бір бөлігі жабылды

524

0

Фото: ашық дереккөзден

Қызылорда облысында ауа райының нашарлауына байланысты республикалық маңыздағы жолдың бірқатар бөлігі жабылды, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Қызылорда облысында ауа райының жағдайы нашарлай түсті. Қарлы боран, боран көрінуді шектеп жатыр.

«Осыған байланысты елорда уақытымен 18.20-ден бастап республикалық маңыздағы Самара-Шымкент тас жолында автокөліктің барлық түріне 1240-1474 шақырымынада қозғалыс жабық екенін хабарлаймыз. Ол Ақтөбе облысының шекарасынан Әйтеке би кентіне дейінгі аралықты қамтиды», – деп жазылған облыстық төтенше жағдайлар департаменті таратқан хабарламада.

Еске салсақ, бұдан бұрын да Самара-Шымкент тасжолының бір бөлігі жабылды.

 


>>> Біздің Facebook, Instagram парақшаларымыз бен Telegram каналымызға жазылыңыз! <<<