Қызылордада дәрігерлер 10 жыл бойы әлеуметтік аударымды ала алмай келген

139

0

Қызылорда қалалық соты зиянды міндетті әлеуметтік аударымды өндіріп беруді сұраған облыстық фтизиопульмонология орталығының 54 қызметкерінің талап қоюы бойынша шешім шығарды.

Орталық қызметкерлкері талап қою барысында 10 жыл бойы қызметкерлерге төленетін 5% зиянды міндетті әлеуметтік аударымды ала алмай келе жатқанын көрсеткен. 2014-2024 жылдардың аралығындағы міндетті төлемдер 36 миллион теңгені шамалады.

– Қызметкерлері аталған қаражатты облыстық фтизиопульмонология орталығынан өндіріп беруді сұраған. Жауапкер талапты толық мойындады. Сот іс материалдарын зерделеп, ҚР Үкіметінің 2014 жылғы 26-наурыздағы № 255 «Міндетті кәсіптік зейнетақы жарналарын енгізу қағидаларын бекіту туралы» қаулысына сәйкес, «Аса қауіпті топқа жататын қызметкерлерге байланысты, зиянды міндетті аударым бойынша жұмыс беруші 5% зиянды міндетті әлеуметтік аударым» төлеуге міндетті деген қорытындыға келді.Сот шешімімен талап қою қанағаттандырылып, міндетті әлеуметтік аударымдарды жауапкерден өндіруге сот шешім етті, – деп хабарлады қалалық соттан.

Еске салсақ, бұдан бұрын Қызылорда облысында биыл ұрлық жасаған 299 адам қолға түсті.

 


>>> Біздің Facebook, Instagram парақшаларымыз бен Telegram каналымызға жазылыңыз! <<<