Қызылорда облысында небәрі екі күнде 132 көлік айып тұрағына қойылып, 52 автокөліктің мемлекеттік нөмірі алынды.
Бұл — «Құқықтық тәртіп» жедел профилактикалық іс-шарасы кезінде анықталған дерек.
Облыстық полиция департаментінің баспасөз қызметі хабарлағандай, екі күн ішінде 756 әкімшілік құқықбұзушылық анықталды. Оның ішінде қоғамдық орындарда спирттік ішімдік ішудің 44, ұсақ бұзақылықтың 11, мас күйде темір тұлпар тізгіндеудің 4, түнгі тыныштықты бұзудың 17 дерегі есепке алынды.
ҚР ӘҚБтК-нің 441-бабына сәйкес кальян тұтынғаны үшін 6 адам әкімшілік жауапкершілікке тартылды.
«Рейд барысында кәмелет жасына толмағандарға қатысты 77 әкімшілік құқықбұзушылық тіркелді. 12 ата-анаға әкімшілік шара қолданылды», – делінген хабарламада.
Жыл басында Ақорда Әкімшілік құқық бұзушылық туралы кодекске өзгеріс енгізетін заңның мақұлданғанын хабарлады.
>>> Біздің Facebook, Instagram парақшаларымыз бен Telegram каналымызға жазылыңыз! <<<