Қызылордада ер адам көпірден секіріп кетті

509

0

Қызылордада ер адам көпірден секіріп кетті. Ер адам оқиға орнында қайтыс болды, деп хабарлайды Polisia.kz.

Басылым мәліметінше, оқиға 17 желтоқсанда сағат 00:00 шамасында болған. Қызылордада 102 арнасына сол жағалаудағы көпірден азаматтың секіріп, өз-өзіне қол жұмсауға әрекеттенгендігі жөнінде хабарлама түскен.

Бұл хабарлама бойынша жедел-тергеу тобы оқиға орнына жетті. Тексеру барысында ер адам қайтыс болғаны анықталды.

Бұл дерек бойынша ҚР ҚК-нің 105-бабының 3-бөлігімен Өзiн-өзi өлтiруге дейiн жеткiзу соталды тергеп-тексеру амалдары басталды. Тиісті сараптамалар тағайындалды. Оқиғаның мән-жайы анықталып жатыр.

 


>>> Біздің Facebook, Instagram парақшаларымыз бен Telegram каналымызға жазылыңыз! <<<