Қызылордада ер адам өзін жағып жіберді

556

0

Сурет ашық дереккөзден алынды

Қызылордада ер адам өзін өзі жағып жіберді, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

30 шілдеде ер адам өзін өзі жағып жіберген. Оған себеп – сүйген қызын қарата алмаған. Бұл оқиғаны облыстық полиция департаменті растады.

«Аталған дерек бойынша ҚР Қылмыстық кодексінің 105-бабына сәйкес тергеп-тексеру әрекеттері жүріп жатыр. Өзге ақпарат ҚПК-нің 201-бабына сәйкес жариялануға жатпайды», – деп жазылған хабарламада.

Ер адам ауруханаға жатқызылған. Жағдайы ауыр деп бағаланып отыр.

 


>>> Біздің Facebook, Instagram парақшаларымыз бен Telegram каналымызға жазылыңыз! <<<