Қызылордада есірткі жарнамасы бар граффити жазулар жойылды

357

0

Фото: Полиция департаменті

Облыс орталығында есірткі жарнамасы бар граффити жазуларды өшіру бойынша ауқымды акция өтті. Полиция қызметкерлері, студенттер мен еріктілер есірткі қылмысымен күресу баршаға ортақ іс екенін айқын көрсетті.

Полиция департаментімен тұрғындардың нашақорлыққа қарсы иммунитетін қалыптастыру мақсатында 391 профилактикалық іс-шара өткізілді.

Профилактикалық жұмыстарды нығайту мақсатында қала, аудан жасөспірімдері арасында есірткі заттарының алдын алу үгіт-насихат жұмыстары жүргізіліп, оған кәмелетке толмағандар ісі жөніндегі қызметкерлері, оқушы, ата-аналар мен оқытушылар қауымы қатысты. Жалпы ұйымдастырылған барлық іс-шараларға 79 мың 846 адам қатысты.

Қызылордада есірткі жарнамасы бар граффити жазулар жойылды

Есепті мерзімде 286 есірткі қылмысы тіркелген (оның ішінде өсіру 72, өткізу 18, аса ірі көлемде сақтау 6, жарнамалау 18, теріс қылық 107).

«Amanat» партиясының өкілдерімен бірлесіп есірткі жарнамасы бар 50-ден астам граффити-жазулары жойылып (Қызылорда қаласында), нәтижесінде оларды салу деректері азайды. Бұл бағыттағы жұмыстар жалғасуда.

 


>>> Біздің Facebook, Instagram парақшаларымыз бен Telegram каналымызға жазылыңыз! <<<