Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызметтің Қызылорда облысы бойынша департаменті облыстық әкімдікпен бірлесіп ұйымдастыруымен А.Тоқмағамбетов атындағы мәдениет үйінде «9 желтоқсан – Халықаралық сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес күніне» орай «Жемқорлықсыз болашақ – әр азаматтың үлесі» тақырыбында форум өтті.
Форум өңірлік Антикор басшысы Қ.Ахметқалиев, комплаенс-офицерлер, Сыбайлас жемқорлыққа қарсы волонтерлер және бұқаралық ақпарат құралдары өкілдерінің қатысуымен өтті.
«Сыбайлас жемқорлық – қоғамның тұрақтылығы мен дамуына кері әсер ететін аса өзекті мәселе. Ол мемлекеттің экономикалық дамуын тежеп, азаматтардың құқықтары мен бостандықтарын шектейді. Біздің міндетіміз – бірлескен күш-жігер арқылы сыбайлас жемқорлық деңгейін төмендетіп, адал қоғам құру. Осы іске әрбір азаматтың қосқан үлесі – Әділетті Қазақстан құру жолындағы маңызды қадам екеніне сенімдіміз.», – деді құттықтау сөзінде Қ.Ахметқалиев.
Форум барысында Республикалық «Саналы ұрпақ» слеті, жас ақындар мүшәйрасы жеңімпаздары және облыстық сурет байқауы қатысушысы өз өнерлерін көрсетті.
Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл жұмысында белсенділік танытқан және айтарлықтай үлес қосқан бірқатар белсенді азаматтар, волонтёрлер, сонымен қатар республикалық тақырыптық сайыстарда жүлделі орындарға ие болған оқушылар мен студенттер департамент басшысының алғыс хат хатымен марапатталды.
Шара соңы мерекелік концертпен жалғасты.
>>> Біздің Facebook, Instagram парақшаларымыз бен Telegram каналымызға жазылыңыз! <<<