Қызылорда облысы бойынша ҚАЖД-ға қарасты №68 мемлекеттік мекемесінде Қызылорда облысы бойынша ішкі мемлекеттік аудит департаментінің қызметкерлері экскурсияда болды, – деп хабарлайды Polisia.kz.
Мақсат – қамаудағылардың ұсталыну жағдайын көрсету арқылы әр қызметкердің санасында құқық бұзушылықтың салдары туралы түсінік қалыптастыру. Тергеу изоляторының қызметкерлері экскурсияға қатысушыларға шаруашылық бөліміне қалдырылған жазасын өтеушіледің жатақханасын, тергеу бөлмелері мен үш тәртіптік изолятор камераларын көрсетті.
– Бұл камераларға тергеу изоляторындағы режимді бұзғандар түседі. Мұндағы тәртіп тіпті қатаң. Таңертең ояну пәрмені берілген соң, төсек орын жиналып алынады. Жатуға тиым салынады. Мұндағы ұсталыну күнін мекеме бастығы белгілейді. Жай камераларда сән-салтанат жоқ. Тек екі қабатты кереуеттер, алюминий шыныаяқтар мен қасықтар, торлы терезелер, темір есік пен қатаң күзетшілер бар. Жемқор шенеуліктер де уақытша осында отырады. Әрі қарай, сот шешімі шыққан соң, олар жазаны тікелей өтеу орындарына жіберіледі, – деп түсіндірді режим және күзет бөлімінің бастығы Асылбек Төребеков.
– Менің ойымша, бұл пайдалы экскурсия. Мұнда бірнеше ондаған адам емес, барлық мемлекеттік қызметкерлер келуі керек. Экскурсияға қатыса отырып, біз өте маңызды ақпарат алдық. Алған әсерлері мен ойларынан, қамауда отырудың ауырлығынан қорқып, қызметкерлеріміз сыбайлас жемқорлық іс-әрекеттеріне бармайды деп ойлаймын, – дейді департамент басшысының орынбасары Талғат Абенов .
>>> Біздің Facebook, Instagram парақшаларымыз бен Telegram каналымызға жазылыңыз! <<<