Қызылордада этномедиация бойынша оқыту семинары басталды

219

0

Фото: Ассамблея Қызылорда

2025 жылдың 26 мамырында Қызылорда қаласындағы Достық үйінде «Елдесу және татуласу» жобасының аясында этномедиация бағыты бойынша оқыту семинары басталды. Шараны Қызылорда облыстық қоғамдық даму басқармасының «Қоғамдық келісім» КММ ұйымдастыруда.

Семинардың ашылуында «Қоғамдық келісім» КММ директорының орынбасары Азамат Мукеев сөз сөйлеп, қатысушыларға сәттілік тілеп, жобаның маңыздылығына тоқталды. Ол этномедиацияның этносаралық қатынастарды реттеудегі, қоғамдық тұрақтылықты сақтаудағы рөлін атап өтті.

Семинарды жоғары деңгейлі маман — халықаралық медиатор-тренер, Түркі әлемі медиаторлар қауымдастығының вице-президенті Жанділдә Әжіғалиұлы Жакупов жүргізуде.

Оқыту бағдарламасы аясында қатысушылар этникалық қақтығыстың ұғымы, құрылымы мен даму кезеңдері, сондай-ақ қақтығысты басқару стильдері мен оның әлеуметтік салдары туралы кеңінен мәлімет алды. К.Томас тесті арқылы өздерінің қақтығыс жағдайларындағы әрекет ету моделін анықтады.

Келесі кезеңде қақтығыстардың себептерін талдау, этникалық шиеленістерді келіссөздер арқылы шешу, тұлғааралық және топтық деңгейдегі этникалық қақтығыстарды қарастыру бойынша іскерлік ойындар өткізілді.