Қызылордада кәмелетке толмағандардың істері бойынша комиссия отырысы өтті

768

0

Kyzylorda-news.kz. Қызылордада кәмелетке толмағандардың істері және олардың құқықтарын қорғау жөніндегі облыстық комиссияның кезекті отырысы өткізілді.

Комиссия отырысына Қызылорда облысы әкімінің орынбасары Наурызбай Байқадамов төрағалық етті. Комиссия отырысына комиссия мүшелері, прокуратура, полиция, көліктегі полиция және төтенше жағдайлар департаменттері, білім беру ұйымдарының басшылары, сондай-ақ, селекторлық байланыста аудан әкімдерінің орынбасарлары, сала бөлімдерінің басшылары қатысты.

Комиссия отырысының күн тәртібінде 4 мәселе, атап айтқанда, балалар мен жасөспірімдердің қауіпсіздігін арттыру және қауіпсіздік ережелерін сақтау шаралары, белсенді аймақтардан келген балаларды оңалту бағытындағы жұмыстар, кәмелетке толмағандарың құқықтарын қамтамасыз ету, кәмелетке толмағандардың істері және олардың құқықтарын қорғау жөніндегі аудандық комиссиялардың есебі жөніндегі мәселелер қаралды.

Мәжіліс барысында балалар қауіпсіздігі мен құқықтарының сақталуына байланысты облыстық прокуратура өкілімен бірқатар ұсыныстар жасалып, аудан, қала әкімдіктеріне, комиссия мүшелеріне, үкіметтік емес ұйымдар, құқық қорғау органдарына бірқатар тапсырмалар берілді.

 


>>> Біздің Facebook, Instagram парақшаларымыз бен Telegram каналымызға жазылыңыз! <<<