Қызылордада кене шаққан үшінші адам көз жұмды

561

0

Сурет ашық дереккөзден

Қызылордада кене шаққан үшінші адам көз жұмды.

Шиелі ауданының тұрғынынан Конго-Қырым геморрагиялық қызбасы диагнозы анықталды. Көз жұмғандардың тағы бірі осы ауданнан болса, енді бірі – жаңақорғандық.

Облыстық санитариялық-эпидемиологиялық бақылау департаменті басшысының орынбасары Әлия Әбдіқайымова өңірде бұл ауру түрі бойынша эпидемиологиялық ахуал күрделенгенін айтып отыр.

«Былтыр 27 аптада 601, биыл 712 адам кене шағып, медициналық көмекке жүгінді. Былтыр 14, биыл 10 адамда ауру лабораториялық жолмен нақтыланды», – деді ол.

Еске салайық, бұған дейін Қызылорда облысының 51 жастағы тұрғынынан сиыр сойғаннан кейін кене табылып, қайтыс болғаны хабарланған еді.

 


>>> Біздің Facebook, Instagram парақшаларымыз бен Telegram каналымызға жазылыңыз! <<<