Қызылордада Көрісу күніне орай полиция ардагерлеріне құрмет көрсетілді

3

0

Фото: Полиция департаменті

«Наурызнама онкүндігі» аясында 14 наурыз – Көрісу күні мерекесіне орай Қызылорда облысы Полиция департаменті бастығының орынбасары полиция полковнигі Омаров Оралбек Тәубәқабылұлы ішкі істер органдары ардагерлерінің шаңырағына арнайы барып, мерекемен құттықтады.

Ізгі дәстүр аясында сала ардагерлеріне құрмет көрсетіліп, олардың көпжылдық еңбегі мен ел тыныштығын қамтамасыз ету жолындағы қызметі ерекше атап өтілді. Ардагерлер өз кезегінде қызмет жолындағы естеліктерімен бөлісіп, жас буынға адал қызмет ету мен жауапкершілік жайында тағылымды әңгімелер айтты.

Полиция департаменті басшылығы ардагерлерге зор денсаулық, ұзақ ғұмыр тілеп, олардың өмірлік тәжірибесі мен өнегесі жас қызметкерлер үшін әрдайым үлгі екенін жеткізді.
Мұндай тағылымды шаралар аға буынға құрмет көрсетіп, ұрпақтар сабақтастығын нығайтуға бағытталған.