Қызылордада колониядағы танысына әйел адам сүйек майына есірткі жасырып өткізбекші болды

419

0

Фото: Kazinform

Қызылордада колонияға әйел адам сүйек майына жасырылған есірткі заттарын өткізбекші болғаны анықталды.

Қызылорда облысы бойынша ҚАЖД-ға қарасты № 60 (қауіпсіздігі аралас) мекемесінде қарақшылық үшін жазасын өтеп жатқан сотталған азаматқа әйел адам есірткіні сүйекке жасырып өткізуге тырысқан. Азық-түлік салынған сөмкені арнайы құрылғы арқылы тексеру барысында заттардың күмәнді түсі байқалған. 

Тексеру тобының қызметкерлері сүйектің ішінен түйіншектерді тапқан. Жедел-тергеу тобы шақырылып, табылған зат сараптамаға жіберілді. Сот-медициналық сараптама қорытындысына сәйкес, тәркіленген заттың салмағы 129,9 грамм кептірілген марихуана болып шықты. 

«Сотталғандар және олардың туыстарына ескерту мен түсіндірме жүргізілді. Соған қарамастан, колонияға тыйым салынған заттарды жеткізуге әрекет ету тіркеледі. Аталған жағдай бойынша ҚР Қылмыстық кодексінің 296-бабы (Есірткі, психотроптық заттарды, олардың аналогтарын өткізу мақсатынсыз заңсыз сақтау) бойынша сотқа дейінгі тергеп- тексеру жұмыстары жүргізіліп жатыр. Бұл бап бойынша 7 жылға дейін бас бостандығынан айыру жазасы қарастырылған», — деп мәлім етті Қызылорда облысы бойынша Қылмыстық атқару жүйесі департаменті бастығының орынбасары Жәнібек Зиябеков.

Айта кету керек, сәлемдеме жіберілген сотталған адам қарақшылық үшін жазасын өтеп жатыр.

Еске салсақ, бұдан бұрын Қызылорда облысында өз міндетін орындамаған жосықсыз ұйымдардан 40 млн теңге өндірілді.

 


>>> Біздің Facebook, Instagram парақшаларымыз бен Telegram каналымызға жазылыңыз! <<<