Қызылордада күйеуі өлтірген әйелді қорғамағаны үшін 25 жастағы полицей сотталуда

1651

0

Фото: stan.kz

Қызылорда қалалық сотында әрекетсіздік жасады деген айыппен полиция қызметкеріне қатысты қылмыстық іс бойынша тыңдалымдар өтуде. Бұл туралы журналист Айнагүл Манабаева өз Facebook парақшасында мәлімдеді. 

Қызылордада үш баланың анасын күйеуі соққыға жығып, өлтірген 27 жастағы Ажар Шадиева өзінің туған күнін караоке-клубта атап жатқанда, жұбайы екеуінің арасында жанжал туындап, ер адам оны ұрып-соққан. 

Туыстары бұған полицейлерді кінәлады. Себебі қызметкерлер оқиғаның алдын алуға мүмкіндігі болғанымен, керісінше, жәбірленушіні көлікке тиеуге көмектескен. Қазіргі уақытта 15 полицейдің ішінен патрульдік полицияның бір инспекторы 25 жастағы Ерсұлтан Қуанышбай айыпталуда. 

Ерсұлтанның әкесінің айтуынша, ұлына қатысты қылмыстық іс заңсыз. Оқиға кезінде 15 полиция қызметкері болғанымен тек ұлының сотталушы болғанына наразы. Айтуынша, оны артқы күнмен жұмыстан шығарып жіберген.

“Балам ауруханада болған кезде оны Қызылорданың сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызметтің тергеушісі Абаев ауруханадан шақыртып, қамауға алды. Екі айдан бері менің ұлым тергеу изоляторында отыр, ал қалған полицейлер қандай да бір себептермен күдікті емес, куәгер ретінде қайта даярланды. Мен өзім ішкі істер министрлігінің ардагерімін, отставкадағы майормын, мұны түсіне алмаймын”, – деді айыпталушының әкесі.

Ол бірінші кезекте осы учаскеге бекітілген учаскелік патрульдер, сол күні  учаскеде болған патрульдер және олардың басшылары жазалануы тиіс деп санайды.

“Ұлым ол жерге бәрі ушыққан кезде келді, бірақ соңына дейін болмады. Себебі оны басқа жерге шақыртқан. Соған қарамастан тек жалғыз өзі жауапты болып отыр. Антикор мен прокуратурада сыбайлас жемқорлық өршіп тұр”, – деді Қуанышбайдың әкесі.

Оның жұмыс істегеніне он ай болды. Әкесі әділдік орнап, бәрі жазаларын алатынына сенімді.

Бұған дейін аталмыш оқиғаға қатысты күйеуінің азаматшаны аяусыз өлтіргені жайлы жазған едік.

 


>>> Біздің Facebook, Instagram парақшаларымыз бен Telegram каналымызға жазылыңыз! <<<