Қызылордада мас жүргізуші полиция қызметкерін қағып, жаншып өткен (видео)

814

0

Фото: видео скрин

Paparaci.kz 23 қаңтар күні сағат таңғы 05:30 шамасында Қызылорда қалалық Полиция басқармасы патрульдік полиция қызметкерлері Қорқыт ата көшесінің бойында Volkswagen Touareg маркалы автокөлік жүргізушісін жол белгілері талаптарын сақтамағаны үшін тоқтауын сұраған.

Алайда, ол-полиция талабына бағынбай, қалаға іргелес елді-мекендегі Қарауылтөбе ауылына қарай қашып, күріштік алқабына түскен. Тосқауыл жасауға көмекке келген полиция нарядының қызметкері Volkswagen Touareg автокөлігінің алдынан жаяу шығып тоқтатқан уақытта жүргізуші заңды талабына бағынбай, полиция қызметкерін қағып, оқиға орнынан бой тасалаған.

Ауыр дене жарақатын алған тәртіп сақшысы қалалық аурухананың жансақтау бөліміне жеткізілген. «Тосқауыл» арнайы жоспары бойынша шұғыл әрекет еткен сақшылар көп ұзамай 32 жастағы күдіктіні қола түсірді. Оның орта дәрежелі масаң екендігі анықталып, уақытша ұстау изоляторына қамаққа алынды. Автокөлік айыптұрақта. Қазіргі таңда билік өкіліне қатысты күш қолдану дерегі бойынша сотқа дейінгі тергеп-тексеру амалдары жүргізілуде.

Оқиға барысы туралы видео төменгі сілтемеде:

 


>>> Біздің Facebook, Instagram парақшаларымыз бен Telegram каналымызға жазылыңыз! <<<