Қызылордада «Мектепте бомба» деген хабарлама келіп түскен

715

0

Фото: ашық дереккөз

Бүгін Қызылорда қаласындағы мектептердің бірінде, яғни Ж.Нұрманов атындағы №198 мектепте ғимаратқа жарылғыш құрылғы салынғаны туралы полицияға хабарлама келіп түскен. Оқиға орнына шұғыл түрде жедел қызметтер келді. Ғимараттан адамдар эвакуацияланып, тексерілуде.

Қызылорда облысының Полиция департаменті қылмыстық құқық бұзушылық болып табылатын терроризм актісі туралы жалған хабар бергені үшін жауапкершілік туралы ескертеді, ол үшін Қазақстан Республикасы Қылмыстық кодексінің 273-бабында (Терроризм актiсi туралы көрiнеу жалған хабарлау) жаза көзделген. Осы бап бойынша 5 жылға дейін бас бостандығынан айыру жазасы қарастырылған.

 


>>> Біздің Facebook, Instagram парақшаларымыз бен Telegram каналымызға жазылыңыз! <<<