Қызылордада: Мереке күндері полицейлер 646 құқық бұзушылық анықталды

531

0

Фото: Полиция департаменті

Қызылорда қаласы Полиция басқармасының қызметкерлері жол-көлік апаттарының алдын-алу мен жолда жүру ережелерін өрескел бұзушыларды анықтау мақсатында тұрақты түрде рейдтік іс-шараларды өткізіп келеді.

Осындай рейдтерге күн-түн демей шыққан патрульдік полиция қызметкерлері мереке күндері қарсаңында барлығы 646 құқық бұзушылық анықталды. Оның ішінде жол қозғалысы саласы бойынша 521, қоғамдық қауіпсіздік бойынша 125 әкімшілік құқық бұзушылық анықталды. Ал, мас күйінде автокөлікті тізгіндеген 3 жүргізуші полицейлермен ұсталды.
Мәселен, 7 мамыр күні сағат түнгі уақыт 03:20 шамасында А.Тоқмағанбетов көшесі мен Қазыбек би көшесінің бойында «Hyundai Elantra» автокөлігін тоқтатып тексеру барысында, жеке басын анықтау барысында 40 жастағы азаматшаның алкогольді спирт ішімдігін ішкендігі анықталды.

Құқық бұзушының наркологиялық сараптама нәтижесі бойынша оның, жеңіл дәрежелі масаң күйде болғандығы
анықталды.
Тәртіп бұзушыға қатысты Қазақстан Республикасының Әкімшілік Құқық Бұзушылық туралы Кодексінің 608-бабының 6-бөлігі (Осы баптың бірінші, екінші және үшінші бөліктерінде көзделген, көлік құралдарын басқару құқығы жоқ адамдар жасаған әрекеттер –жиырма тәулікке әкімшілік қамаққа алуға әкеп соғады және жеті жыл мерзімге көлік құралын басқару құқығынан айыруға алып келеді) бойынша әкімшілік хаттама толтырылып, автокөлігі айып алаңына қойылды.

Жол-көлік оқиғасының алдын алу және болдырмау шараларын күшейту мақсатында полиция қызметкерлері қала тұрғындарын жолдардағы ерекше жауапкершілік туралы ескертеді.

 


>>> Біздің Facebook, Instagram парақшаларымыз бен Telegram каналымызға жазылыңыз! <<<