Қызылордада мерекелік шеру ұйымдастырылды

900

0

«Менің туым, менің Отаным!» бұқаралық челленджі аясында Қызылорда облысында барлығы 40 нысанға жүздеген мемлекеттік ту ілінді. Сондай-ақ, барлық ауданда авто, вело және аттылар шеруі өткізілді.

Сырдария ауданында ұйымдастырылған аттылар шеруіне 30 шабандоз қатысып, кенттегі көшелермен жүріп өтті.

 – Патриоттық шара әсіресе жастар үшін аса қажет. Көше бойымен көк байрағымызды алып жүру арқылы біз ел бірлігі мығым, татулығымыз тұрақты екенін  дәріптейміз, – дейді атты шеруге қатысушы Хамзат Кеңесбаев.

Барлық ауданда ұйымдастырылған шерулерде жастар еліміздің көк байрағын ұлықтауда.  Мереке күндері бұл шаралар лайықты жалғасын табады.

 


>>> Біздің Facebook, Instagram парақшаларымыз бен Telegram каналымызға жазылыңыз! <<<