Заңсыз көші-қонды болдырмау және алдын алу, шетелдіктердің көші-қон заңнамасын бұзу фактілерін анықтау мақсатында ағымдағы жылдың ақпан айының 3 мен 7 аралығында облыс аумағында «Мигрант» іс-шарасы өткізілуде.
Іс-шараның 2 күнінде жалпы 153 құқық бұзушылық анықталды. Оның ішінде, шетел азаматтарымен жасалған 100 әкімшілік құқық бұзушылықтар анықталса, оның 15 республика аумағынан аластатылды.
Шетелдіктердің болу ережелерінің сақталуын қамтамасыз етпеген ҚР-ның 53 азаматына қатысты әкімшілік шаралар көрілді.
Құрметті облыс тұрғындары! Шет мемлекеттерден жұмыс жасауға келген шетел азаматтарын заңда көрсетілген мерзімде құжаттарын Халыққа қызмет көрсету орталығы (ЦОН) арқылы заңдастырып, Көші-қон заңнамасын бұзбай, жұмыс жасатқандарыңыз абзал.
Егерде заң талаптарын орындамай өрескел бұзған жағдайда, Қазақстан Республикасы заңдарының талаптарына сәйкес шара көрілетіндігін ескертеміз.






