Қызылордада науқас сәби ауруханаға тікұшақпен жеткізілді

199

0

Фото: видеодан алынды/Қызылорда облыстық ТЖД

Қызылорда облысында «ҚазАвиаҚұтқару» АҚ тікұшағы арқылы науқас сәби емдеу мекемесіне жеткізілді.

  • Бүгін санитарлық авиация тапсырысы бойынша науқас сәби Жаңақорған ауданынан Қызылорда қаласындағы облыстық балалар ауруханасына «ҚазАвиаҚұтқару» мекемесінің әуе көлігімен шұғыл жеткізілді. Экипаж құрамында 2 медицина қызметкері бар, – делінген Қызылорда облыстық Төтенше жағдайлар департаметінің хабарламасында.

Мамандар сәбиге қажетті медициналық көмек көрсетіп жатыр.

Бұған дейін Қызылордада 7 жастағы қыздың аяғы жылу батареясына қысылып қалғанын жазғанбыз.

Осы орайда құтқарушылар балаларға қауіпсіздік ережелерін үйретіп, жалғыз қалдырмауға кеңес береді.