Қызылордада оқушыны жезөкшелікке мәжбүрлеу: Қылмыстық іске қатысты 13 адам анықталды

347

0

Фото: ашық дереккөз

Қызылордада 16 жасар оқушыны сыныптастары жезөкшелікке мәжбүрлеу туралы қылмыстық іске қатысты ҚР Ішкі істер министрінің орынбасары Игорь Лепеха жаңа деректер жариялады, деп хабарлады Qandastar.kz.

«Іс бойынша бүгінге дейін 13 адам анықталды, оның ішінде 11-і қамауда, ал екеуі үй қамақта. Оларға бірқатар бап бойынша қылмыстық істер қозғалды. 13 адамның арасында қызды мәжбүрлегендер де, ұйымдастырғандар да бар. Бұл іс бойынша басқа деректерді жариялай алмаймын, себебі оның мән-жайы тергеушілердің құзыретінде», – деп И.Лепеха Сенаттың жалпы отырысынан кейін тілшілер сұрағына жауап берді.

Сондай-ақ, жәбірленуші қызға қатысты заңсыз әрекет жасағандардың барлығы тексерілуде. Бұған дейін тамыз айының соңында 8 күдікті қамалғаны белгілі болған.

Оқушы қыздың ата-анасы жағдайды қоғамдық қорға жүгінген. Нәтижесінде Қызылорда полициясы аталған дерек бойынша күдіктілерді ұстап, уақытша ұстау изоляторына қамады. Кейін күдікке ілінген мектеп оқушылары үйқамаққа ауыстырылды.

Оқиғаға байланысты №7 мектеп-лицей директоры, тәрбие ісі жөніндегі орынбасары, психологы, әлеуметтік педагогі, сынып жетекшілері жұмыстан босатылды.

 


>>> Біздің Facebook, Instagram парақшаларымыз бен Telegram каналымызға жазылыңыз! <<<