Фото: облыстық перинаталдық орталық
Облыстық перинаталдық орталығына жергілікті бюджет есебінен заманауи үлгідегі жаңа туған нәрестелерге арналған Т-тәрізді схемасы бар неонатальды ашық реанимациялық жүйе аппараттары сатып алынды.
Ашық реанимациялық жүйе – шала туған балаларды емдеуге және олардың дене температурасын бірқалыпты ұстап тұруға арналған медициналық құрылғы. Мәселен, шақалақтардың дене қызуы 37,5°С – 36,5°С шегінде болуы тиіс. Бұл аппарат ауаның температурасының жайлы деңгейі мен сәулелі жылу беру қызметін атқарады. Сондай-ақ, құрылғыда фототерапия шамы бар. Бұл нәрестелердің неонаталды сарғаю кезеңінде емдеудің негізгі түрі. Нәрестелер арасында бұл диагноз жиі кездеседі. Сондықтан бұл аппараттың нәрестелер үшін маңызы зор.
Құрылғы жаңа туған нәрестелердің өмір сүруін қамтамасыз ету үшін барлық қажетті функциялармен жабдықталған. Жаңа аппарат перинаталдық орталықтың дәрігерлеріне одан да тиімді көмек көрсетуге және патологиясы бар жаңа туған нәрестелердің өмірін сақтауға мүмкіндік береді.
Осы маңызды жабдық Қызылорда облысының әкімдігі мен облыстық денсаулық сақтау басқармасы демеушілігімен сатып алынды.
>>> Біздің Facebook, Instagram парақшаларымыз бен Telegram каналымызға жазылыңыз! <<<