Қызылордада полицейлер төртінші қабаттан секірмек болған ер адамды құтқарып қалды

725

0

Фото: Kazinform

Қызылордада полицейлер көпқабатты үйдің терезесінен секірмек болған ер адамды құтқарып алды, деп хабарлайды Kazinform. 

Облыс орталығында тұратын азаматша 102 жедел арнасына ұлының терезеден секірейін деп тұрғаны жөнінде хабарласты. Патрульдік полиция бекеті оқиға орнына дереу жетті.

«Полицейлер көп қабатты үйдің төртінші қабатының терезесінен секірмек болған ер адамды көріп, шұғыл әрекет жасады. Қалалық полиция басқармасы патрульдік полиция батальонынан аға лейтенант Жұмаділ Қартабаев және капитан Жаңабек Әлменбетов терезеден секірмек болған ер адамның назарын өздеріне аударды. Сол сәтте пәтер ішіне кірген капитан Бекзат Жақсылықов пен аға лейтенант Азамат Теменов жігітті үй ішіне қарай тартып, құтқарып қалған. Жедел әрекет нәтижесінде терезеден секірмек болған азамат құтқарылды. Бұл қадамға 27 жастағы азамат отбасылық жанжал салдарынан барғаны анықталды. Оған алғашқы медициналық көмек көрсетілді», – деп мәлім етті Қызылорда қалалық Полиция басқармасынан.

Еске салсақ, бұдан бұрын Қызылордада дүкенде жас жігітті ұрып-соққан қала тұрғыны ұсталды.

 


>>> Біздің Facebook, Instagram парақшаларымыз бен Telegram каналымызға жазылыңыз! <<<