Қызылордада Полиция департаменті Наурыз мерекесін атап өтті

174

0

Фото: Qyzylorda PD

Қызылорда облысының Полиция департаментінде дәстүрлі Наурыз мерекесіне арналған жарқын және әсем мереке ұйымдастырылды.

Полиция қызметкерлері әріптестері мен қонақтары үшін мереке ұйымдастырды. Игі дәстүр бойынша бұл күні ұлтты ұйыстыратын ұлы құндылықтар дәріптелді.

Департамент қызметкерлері екі топқа бөлінді. Олардың әрқайсысы қазақтың әдет-ғұрыптарын көрсете отырып, ұлттық тағамдар ұсынды. Арнайы құрылған «Ақмешіт» және «Сыр елі» ауылдары қонақтарға «Тұсау кесу» және «Бет ашар» рәсімін көрсетті. Қызылорда облысы Полиция департаментінің бастығы полиция полковнигі Ергешов Серік Жүрсінбайұлы өзінің құттықтау сөзінде жеке құрам қызметкерлерін мерекемен құттықтап, зор денсаулық, амандық тіледі.

Наурыз мерекесі қазақ халқының ұлттық нақышы рухында жалғасты. Қазақтың ұлттық әндері, музыкасы мен өлеңдері шырқалды. Сондай-ақ, полицейлер арасында күрес, арқан тарту, ләңгі тебу, гір көтеру бойынша спорттық жарыстар өткізілді.

Спорттық жарыстардың жеңімпаздары департамент бастығының алғыс хатымен марапатталды.

 


>>> Біздің Facebook, Instagram парақшаларымыз бен Telegram каналымызға жазылыңыз! <<<