Қызылордада полиция киімімен заңсыз бейнеролик түсірген адам жазаға тартылды

603

0

Фото: Polisia.kz

Қызылорда қаласында полиция қызметкерлеріне арналған киімді заңсыз киіп бейнеролик түсірген адам жазаға тартылды.

Оқиға биылғы жылдың 25 маусымында сағат 17:00 шамасында болған. Жергілікті азамат Сырдария өзені жағасында гүлдерді жарнамалау барысында полиция қызметкерлеріне арналған киімді заңсыз киіп бейнеролик түсірген.

«Оның құқық бұзушылық әрекеті, әкімшілік құқық бұзушылық туралы хаттамасы, түсінігі, заттарды алып қою туралы хаттамасымен, жинақталған құжаттармен толық дәлелденіп бекітілді. Оның тарапынан Әкімшілік құқық бұзушылық туралы кодексінің 675-бабының 1-бөлігіндегі құқық бұзушылылыққа жол берілген. Себебі ол айырым белгiлерi, нышаны бар әскери киiм нысанын, сондай-ақ нысанды киiм мен арнаулы киiм-кешектi заңсыз киiп жүрген. Аталған баптың санкциясы негізінде одан арнаулы нышан киімі тәркіленді. Оған 12 922 теңге айыппұл салынды», – деп мәлім етті Қызылорда қаласының әкімшілік құқық бұзушылықтар жөніндегі мамандандырылған сотынан.

 


>>> Біздің Facebook, Instagram парақшаларымыз бен Telegram каналымызға жазылыңыз! <<<